Басты Жаңалықтар Биле, Астана!

Биле, Астана!

Биле, Астана!

Елордада «Биле, Астана» бірінші хореографиялық фестивалінде барлық жастағы үздік бишілер алғаш рет бір сахнада шеберлік байқасады. Мың бұралған бишілер жарысы Елорда күні мен Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған.
Шараны ұйымдастырушылар – Астана қаласының әкімдігі мен «Наз» мемлекеттік би театры.
Фестиваль шілденің 3мен 6 аралығында «Парус» сахнасында өтеді. Онда балалар өнер мектептерінің, музыка мектептерінің, демалыс орталықтарының, мәдениет үйлерінің, балалар мен жасөспірімдер сарайларының базасында дайындалатын жеке орындаушылар, ансамбльдер, ұжымдар, орта арнайы, жоғары музыкалық және көркемдік оқу орындарының шәкірттері, студиялардың, секциялардың шығармашылық ұжымдары немесе жеке орындаушылары және хореографиялық жанрдағы жалпы білім беретін мектептерінің өкілдері бағын сынай алады. Бұл ретте бишілердің жасы 5-тен 21-ге дейін болады. Олардың шеберлігін танымал хореографтар, әртістер, музыканттар, орындаушылар, режиссерлер, шығармашылық ЖОО-лардың оқытушыларынан құрылған әділ қазылар алқасы бағалайтын болады.
Әрбір номинацияда және жас санаты бойынша қазылар алқасымен 3 лауреат пен 3 дипломант анықталады. Үздік шығармашылық ұжым пен жеке орындаушы фестиваль Бас жүлдесі кубок пен ақшалай сыйлыққа ие болады. Барлық қатысушыларға арнайы дипломдар табысталады.

Бөлісу