Шығыс Қазақстанда «Бала дауысы» I ұлттық балалар ән байқауының аймақтық кезеңі өтті

Облыстың түпкір-түпкірінен жиналған дарынды жастар Өскеменде бас қосып, қазылар алқасына өз өнерлерін паш етті. Ең үздік орындаушыны әнші Мақпал Исабекова, музыкалық продюсер Фарида Ниязова және композитор Ғалымбек Исбергенов таңдады.
Кастингке барлығы 100-ден астам бала қатысты. 7 мен 13 жас аралығындағы балғындарға кез келген тілде екі әнді орындауға мүмкіндік берілді.
Жартылай финалға өткен қатысушылар жазғы музыка мектебінде екі апта бойы тәлім алады. Бұл жерде балалар сольфеджио, хореография, әртістік шеберлік сияқты бағыттар бойынша білімдерін шыңдайды. Сонымен қатар, жаңа әндер үйреніп, оларды күзде Астанада өтетін финал кезінде орындайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02
«Balapan» телеарнасының ұжымы Президенттің алғыс хатына ие болды
25.06.2025, 09:34
«Тоқты мен Серке» толықметрлі анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады
16.06.2025, 10:22
«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады
15.04.2025, 15:25
«Balapan» арнасында жаңа мультхикая
03.02.2025, 09:00
🏆 «Balapan» телеарнасы – «Халықтың сүйіктісі – 2024» ұлттық марапатына ие болды
16.01.2025, 20:00