Басты Жаңалықтар «Шытырманның!» жеңімпазы Мирас Мақанов «Балапанға» сұхбат берді

«Шытырманның!» жеңімпазы Мирас Мақанов «Балапанға» сұхбат берді

«Шытырманның!» жеңімпазы Мирас Мақанов «Балапанға» сұхбат берді

Естеріңізде болса, «Шытырман» бағдарламасының алғашқы маусымында Мирас Мақанов жүлделі орынға ие болған еді. Осыған байланыста Мирас біздің сұрақтарымызға жауап беріп, сайыс туралы өз пікірімен бөлісіп қана қоймай, жаңа сайыскерлерге сәттілік тіледі.

«Балапан» арнасы: Мирас, сен «Шытырманның» алғашқы жеңімпазысың. Сен жеңістен кейін қандай сезімде болдың?

Мирас:  Мұндай жеңістен кейін мен өте қатты қуандым, толқыдым. Өйткені жүздеген балалардың ішінен суырылып шығу маған оңайға түскен жоқ.

«Балапан» арнасы:   «Шытырманның» арқасында бойыңда немесе мінезіңде өзгерістер болды ма?

Мирас:  Осындай көптеген кезеңдерден өткеннен кейін, жеңімпаз болғаннан кейін өзіме деген сенімділік арта түсті, бойымда батылдық пайда болды. Бұл сайыстан кейін менің спортқа деген сүйіспеншілігім артты. Бойыма күш- қуат дарыды.

 «Балапан» арнасы:  Есіңде қалған ең қиын және ең қызықты сайысты атап өтсең?

Мирас: Мен үшін аздап қиындық туғызған аспалы көпір. Дегенмен, мен бұл кезеңді бағындыра алдым. Ең қызықты болған сайыс лазер бөлмесі. Көптеген лазер сәулелерінің арасынан өту мен үшін өте қызық болды.

«Балапан» арнасы:  Келесі қатысушыларға айтарың бар ма?

Мирас:  Келесі қатысушыларға сәттілік тілеймін. Мен сияқты жеңімпаз болуына тілектеспін. Алған сыйлығым туралы айтатын болсам, жеңімпаз ретінде алған бұл сыйыма қатты қуандым. Себебі, мен велосипед алуды бұрыннан армандап жүрген едім. Ал, достар, сәттілік!

«Балапан» арнасы: Рахмет, Мирас! Келесі сайыскерлер сенің жылы лебіздеріңді оқып отырған болар. Тек қана алға!

Бөлісу