Басты Жаңалықтар Жазғы лагерьлер балаларға түрлі ойын-сауықтық бағдарламалар ұсынады

Жазғы лагерьлер балаларға түрлі ойын-сауықтық бағдарламалар ұсынады

Жазғы лагерьлер балаларға түрлі ойын-сауықтық бағдарламалар ұсынады

Жаз - балалардың асыға күтетін мезгілі. Кішкентай астаналықтар бұл уақытта қаладан тыс және мектептердің жанынан ашылған лагерьлерде демалады. Елордалық Оқушылар сарайы балаларға биыл да түрлі ойын-сауықтық бағдарламалар ұсынбақшы, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының жазғы шығармашылық мектебі 6-12 жастағы балаларды қабылдайды. Биылғы бағдарламаға брейк-данс, мүсіндеу, бейнелеу өнері, хореография, вокал, шахмат сияқты үйірмелер енді.

«Сабақтарға балалар үлкен қызығушылық танытуда. Ойын квесттері, шоу-бағдарламалар, театрландырылған және цирк қойылымдары ұйымдастырылады. Балалар мультфильмдердің кейіпкерлерімен өткізілетін бағдарламаларға қатысады. Осылайша, таланттарын паш етеді», дейді Оқушылар сарайы директорының орынбасары Алмагүл Жапарова.

Биыл жазғы мектепке Астана қаласынан бөлек, Ақтөбе, Қарағанды және алматылық балдырғандар келеді. Қазіргі кезде лагерьге 100 адам қабылданды.

Б. Момышұлы даңғылында орналасқан Оқушылар сарайында да Жазғы демалыс академиясы ашылды. Жоба бірнеше бағытты қамтиды.

«Балалар қаласы» лагеріне 150 балғын жазылған. Мұнда мұз айдыны, бассейн, жеңіл атлетикалық манеж, сурет салу, вокал, хореография, театр өнері, көңілді старт және т.б. үйірмелер жұмыс істейді.

 

Бөлісу