«Ойлан,таптың» жаңалықтары
Достар, аптадағы қызықты жаңалықтар туралы білгілерің келе ме? Ендеше бүгін 13:00-де Ерасыл Өмірбайдың жаңалықтар айдарын өткізіп алмаңдар.
«Ойлан, тап» бағдарламасының 19:00-де болатын тікелей эфирі қызыққа толы болады. Араларыңда каратэ спорт түрін ұнатып немесе айналысып жүргендерің бар болар. Студияға арнайы каратэші баланы шакырамыз. Ол каратэ спортының қыр-сыры мен ақыл-кеңестерімен бөліседі.
Сонымен қатар қазақтың ұлттық аспабы-домбыраның үнін де бүгінгі бағдарламада тыңдайтын боласыңдар. Себебі студияның тағы бір қонағы – домбырашы досымыз болады. Айта кетейік, бағдарламаны Ақгүл Жарылғасын жүргізеді.
«Ойлан, тап» бағдарламасы тікелей эфирге 13:00-де және 19:00-де шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыТеңгетай
13.11.2026, 10:56
«Balapan» арнасында жаңа ситком
29.10.2026, 09:59
«Balapan» арнасында жаңа ситком көрерменге жол тартады
13.10.2026, 10:34
«Қазақстан» РТРК» АҚ «Balapan» телеарнасы өндіруші компаниялар арасында тележобалар байқауын жариялайды
08.07.2026, 14:30
«Кел, балалар, оқылық!» жобасы
25.05.2026, 09:49
Ресми мәлімдеме
12.05.2026, 15:55