Сарбаздық – нағыз батырдың қаруы

Үш ғасыр бұрын қазақтың кең байтақ жеріне жоңғар хандығы баса көктеп кірді. Күтпеген жерден жасалған шабуылға төтеп беру оңайға соқпады. Жоңғарлар қазақ жерінің көптеген аумағын басып алып, халқын қанаумен болды. мыңдаған адам соғыста қырылды, тірі қалғаны тұтқынға алынды. Үш жүз бен ру басшылары жиналып, қазақтың басын бір тудың астына біріктіру керек деген шешім қабылдады. Ел басына күн туғанда елі мен жерін қорғайтын қайсар мінезді ерлер қазақтың кең сахарасынан шыға бастады. Ерлігі мен қаһармандығын бағалаған халық оларды Батырлар деп атады.
Сүйікті арналарыңнан «Батырлар» мультхикаясын көріңдер. Бүгінгі 1-бөлімде Наурызбай батырдың ерлігі мен қайсар мінезі сендерге үлгі боларына сенеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02
«Balapan» телеарнасының ұжымы Президенттің алғыс хатына ие болды
25.06.2025, 09:34
«Тоқты мен Серке» толықметрлі анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады
16.06.2025, 10:22
«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады
15.04.2025, 15:25
«Balapan» арнасында жаңа мультхикая
03.02.2025, 09:00
🏆 «Balapan» телеарнасы – «Халықтың сүйіктісі – 2024» ұлттық марапатына ие болды
16.01.2025, 20:00