Басты Жаңалықтар «Бірге-бір!» сенің хабарласуыңды асыға күтеді

«Бірге-бір!» сенің хабарласуыңды асыға күтеді

«Бірге-бір!» сенің хабарласуыңды асыға күтеді

Бүгін 16:00-де «Бірге-бір!» бағдарламасы көрермендермен қайта қауышады. Бағдарлама жүргізушісі Абылай Жарбеков көрермендермен қызықты да танымды мәліметтермен бөліседі. Және де қызықты ойын болады. Ойында студия қонағы мен көрермен сайысқа түседі. Жарыс екі кезеңнен тұрады. Алғашқысы – «Сөзжұмбақ». Алдымен ортаға ойыншы шақырылады. Ол хабарласқан көрерменге үш сөзді іс-қимыл арқылы  жасырады. Ал, көрермен қандай сөздер екенін табу керек. Әр сөзді табуға 15 секунд беріледі. Егер берілген 3 сөздің барлығын дұрыс тапса, екінші айналымға өтеді.

Екінші кезең – «Әнжұмбақ». Бұл айналымда  студия қонағы құлаққап киіп, әннің ырғағына қосылады. Хабарласқан көрермен оның қандай ән орындап тұрғанын табуы керек. Егер барлық тапсырманы орындаса, «Бірге-бірдің!» жеңімпазы атанады.

Бөлісу