Басты Жаңалықтар Жаңбыр жауса таңертең немесе қолшатыр туралы не білеміз?

Жаңбыр жауса таңертең немесе қолшатыр туралы не білеміз?

Жаңбыр жауса таңертең немесе қолшатыр туралы не білеміз?

Тақырыптан белгілі болып тұрғандай, бүгін 13:00-де «Ойлан, тап!» бағдарламасы қолшатыр туралы болмақ. Жүргізуші – Еңлік Ғаниқызы.

«Ертеңгі ауа райы қалай екен?» Жауыр болып, жатталып қалса да, білгіміз келетін сауал.  Қалалықтар үшін  күнделікті ауа райын біліп отыру қалыпты жағдай. Өйткені, талғампаз алматылықтар күн райына қарай киінуді жақсы біледі. Егер жаңбыр жауатынын естісе, бірден қолшатырын сөмкеге салып, қамданып қояды.

Жаңбыр себелей бастаса, біз бірден қолшатырды іздейміз. Өйткені, қолшатыр – сіздің кәдеңізге жарар ең қажетті бұйымның бірі. Қажет кезінде берер көмегі де орасан. Өйткені, ол бізді төпелеген нөсерден, тіпті, жаз айларында аптап ыстықтан, қыста қылаулаған қардан да қорғай алады. Жаңбыр жауа қалса, бір мезетте ақылдасып алғандай, түрлі-түсті қолшатыр ұстағандарды көресің. Бейнебір ертегілер елін саяхаттап жүргендей күй кешесің. Алайда, біз сол қолшатырымыздың қашан, қалай пайда болғаны жайлы біле бермейміз.

Ендеше бүгін 13:00-де «Ойлан, тап!» бағдарламасын көріңдер.

Сонымен қатар, «Жұмбақ суреттер» ойынына қатысып, «Балапанның» дайындаған сыйлығына ие бол.

 

Бөлісу