Бүгіннен бастап «Бернард» мультхикаясы эфирге шығады
«Балапан» телеарнасы бүлдіршіндердің жүректерін жаулаған «Бернард» мультхикаясын қайта көрсетеді.
Туынды Бернард есімді аю туралы. Әр бөлімде ақ аюдың бастан кешкен оқиғалары баяндалады.
Бернард үнемі қиындыққа тап болады. Көлігін соғады, шөп шапқышты бұзып алады немесе достарын ренжітеді.
Алайда ол өте мейірімді және үнемі көңілді жүреді. Бірақ аңғалдығы да жоқ емес.
Сүйкімді аю – Бернардтың қызықты оқиғаларын «Балапан» телеарнасынан тамашалаңдар.
Мультхикая бүгіннен бастап сағат 11:30-да эфирге шығады. Қайталауы 17:35 және 20:55-те.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы31 желтоқсан күні «Қызық әлем» бағдарламасының мерекелік шығарылымы көрермен назарына ұсынылады
30.12.2025, 18:48
«Жаңа жылыңмен, Balapan!»
30.12.2025, 18:35
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02
«Balapan» телеарнасының ұжымы Президенттің алғыс хатына ие болды
25.06.2025, 09:34
«Тоқты мен Серке» толықметрлі анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады
16.06.2025, 10:22
«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады
15.04.2025, 15:25