«Ойлан, тап!» хабарына жаңа жүргізуші келді (ВИДЕО)
Достар, «Балапанға» жаңа жүргізуші келді. Ерасыл Өмірбай енді тікелей эфирге шығатын «Ойлан, тап!» хабарын жүргізеді.
Ерасылдың жасы – 8-де. Ол - Астанадағы №76 мектеп-лицейінің 3 сынып оқушысы.
Шахматты жақсы ойнайды. Дзюдо үйірмесіне қатысады. Сондай-ақ, футбол ойнағанды ұнатады. Оның өлең шығаратын өнері де бар.
Жүргізуші болуды армандаған Ерасылға сәттілік тілейміз!
Айта кетейік, «Ойлан, тап!» хабары дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00 және 19:00-де тікелей эфирге шығады. Жүргізушілері - Риза Данияр, Ақгүл Жарылғасын, Еңлік Ғаниқызы, Ақнұр Айболқызы, Мұхамедәлі Жүгінісов және Ерасыл Өмірбай.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыТеңгетай
13.11.2026, 10:56
«Balapan» арнасында жаңа ситком
29.10.2026, 09:59
«Balapan» арнасында жаңа ситком көрерменге жол тартады
13.10.2026, 10:34
«Қазақстан» РТРК» АҚ «Balapan» телеарнасы өндіруші компаниялар арасында тележобалар байқауын жариялайды
08.07.2026, 14:30
«Кел, балалар, оқылық!» жобасы
25.05.2026, 09:49
Ресми мәлімдеме
12.05.2026, 15:55