Павлодарлық 57 балғын «Жауқазын-2016» олимпиадасының соңғы кезеңіне жолдама алды
Павлодар қаласының №25 орта мектебінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Жауқазын-2016» олимпиадасы ұйымдастырылды. 57 балғын сәуір айында өтетін қорытынды кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Білім додасына 44 мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен жалпы орта білім беру мектептеріндегі 9 шағын орталықтан 86 тәрбиеленуші қатысты. Олимпиада тапсырмалары баланың тілдік дамуын, логикалық және шығармашылық ойлауын, қоршаған орта туралы түсінігін анықтауға бағытталған.
Ұйымдастырушылар балабақша тәрбиеленушілерінің дайындық деңгейін жоғары бағалады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыТеңгетай
13.11.2026, 10:56
«Balapan» арнасында жаңа ситком
29.10.2026, 09:59
«Balapan» арнасында жаңа ситком көрерменге жол тартады
13.10.2026, 10:34
«Қазақстан» РТРК» АҚ «Balapan» телеарнасы өндіруші компаниялар арасында тележобалар байқауын жариялайды
08.07.2026, 14:30
«Кел, балалар, оқылық!» жобасы
25.05.2026, 09:49
Ресми мәлімдеме
12.05.2026, 15:55