«Аюлар» мультхикаясының әні (ВИДЕО)
Брайер таң атқанда,
Қуанады шаттанып,
Аш Брамбл арадан,
Бал ұрлауға аттанып.
Мекеніміз – ну орман,
Шықса-дағы қандай шу.
Құр қалмаймын дегендей,
Бара жатыр орманшы.
Бізді қуып жетем деп,
Кімдер күдер үзбеген.
Жер ме, су ма – бәрібір,
Жеткізбейміз біз деген.
Өмір неткен керемет?!
Өмір неткен тамаша?!
Бұл жақтағы қызықтар,
Таусылмайды санасақ.
Айналаның бәрі дос,
Ағайынды аюлар,
Ағаштағы тиіндер,
Тіпті қырсық орманшы да – досымыз!
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыТеңгетай
13.11.2026, 10:56
«Balapan» арнасында жаңа ситком
29.10.2026, 09:59
«Balapan» арнасында жаңа ситком көрерменге жол тартады
13.10.2026, 10:34
«Қазақстан» РТРК» АҚ «Balapan» телеарнасы өндіруші компаниялар арасында тележобалар байқауын жариялайды
08.07.2026, 14:30
«Кел, балалар, оқылық!» жобасы
25.05.2026, 09:49
Ресми мәлімдеме
12.05.2026, 15:55