8 жастағы теннисші Жақас Қозбақ АҚШ-та өткен халықаралық турнирдің бас жүлдесін иеленді
Қызылорда өңірінің тумасы Жақас Қозбақ АҚШ-тың Флорида штатында теннистен өткен Халықаралық турнирдің бас жүлдесін алды.
Ақтық финалда жерлесіміз аргентиналық теннисшіні 6:4, 6:3 есебімен ұтып, алға шықты.
Осылайша, қазақстандық жас спортшы 23-29 тамыз аралығында Нью-Йорк қаласында 10 жасқа дейінгі теннисшілер арасында өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.
Жақас Қозбақ тенниспен 5 жасынан бастап шұғылдана бастаған. Бірнеше рет ел чемпионатында жеңіске қол жеткізді. Қазір ол АҚШ-тағы Теннис академиясында жаттығып, жаңа жеңістерге ұмтылуда.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыТеңгетай
13.11.2026, 10:56
«Balapan» арнасында жаңа ситком
29.10.2026, 09:59
«Balapan» арнасында жаңа ситком көрерменге жол тартады
13.10.2026, 10:34
«Қазақстан» РТРК» АҚ «Balapan» телеарнасы өндіруші компаниялар арасында тележобалар байқауын жариялайды
08.07.2026, 14:30
«Кел, балалар, оқылық!» жобасы
25.05.2026, 09:49
Ресми мәлімдеме
12.05.2026, 15:55