Бүгін «Шытырман» сайысында кім жеңіске жетеді?
Достар, бүгін эфирге шығатын «Шытырман» бағдарламасын өткізіп алмаңдар. Сайысқа, әдеттегідей, 3 ойыншы қатысады.
Олар бірінші кезеңде жартасқа өрмелеп, ептілігін көрсетеді. Ал, екінші кезеңде көпірден құламай өтуі тиіс.
Одан кейін айналы бөлмеде 4 сұраққа жауап береді. «Қауіпті сырғанау» айналымында құлама еңістен самокатпен түседі.
Содан кейін ғана лазер бөлмесіне жол тартады. Онда сәулелерге тиіп кетпей, бөлмеден шығуы қажет.
Бүгін «Шытырман» сайысында кім жеңіске жетеді? «Балапан» телеарнасынан бірге көрейік!
Бағдарлама бүгін сағат 11:45, 17:15, 20:10-да эфирге шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы31 желтоқсан күні «Қызық әлем» бағдарламасының мерекелік шығарылымы көрермен назарына ұсынылады
30.12.2025, 18:48
«Жаңа жылыңмен, Balapan!»
30.12.2025, 18:35
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02
«Balapan» телеарнасының ұжымы Президенттің алғыс хатына ие болды
25.06.2025, 09:34
«Тоқты мен Серке» толықметрлі анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады
16.06.2025, 10:22
«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады
15.04.2025, 15:25