«Сиқырлы кітаптар». Ахмет Байтұрсыновтың «Оқуға шақыру» өлеңі (ВИДЕО)
Ахмет Байтұрсыновтың «Оқуға шақыру» өлеңі
Балалар!
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,
Оянып жан-мақұлық түнде қонған.
Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ дауысы,
Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.
Өзенде балықшылар ау қарап жүр,
Тоғайда орақ дауысы шаң-шұң орған.
«Аллалап», ал кітапты қолдарыңа!
Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған.
«Сиқырлы кітаптар». Ахмет Байтұрсыновтың «Оқуға шақыру» өлеңі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы31 желтоқсан күні «Қызық әлем» бағдарламасының мерекелік шығарылымы көрермен назарына ұсынылады
30.12.2025, 18:48
«Жаңа жылыңмен, Balapan!»
30.12.2025, 18:35
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02
«Balapan» телеарнасының ұжымы Президенттің алғыс хатына ие болды
25.06.2025, 09:34
«Тоқты мен Серке» толықметрлі анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады
16.06.2025, 10:22
«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады
15.04.2025, 15:25