Басты Жаңалықтар Шәкәрім  - орыс, шығыс, араб тілдерін жетік меңгерген қайраткер

Шәкәрім  - орыс, шығыс, араб тілдерін жетік меңгерген қайраткер


Шәкәрім 7 жасында әкесі қайтыс болып, жетім қалады. Атасы Құнанбай оны өз қолына алып, еркелетіп өсірді. 
Ақылды бала есейе келе, ағасы Абайдың жанынан табылды. Ақын Абай Шәкәрімді өлеңге баулиды. 
Ол орыс, шығыс, араб тілдерін жетік меңгерген. Өз бетімен оқып, білімін кеңейтеді. Орыс жазушысы Лев Толстойды үлгі тұтып, хат жазысып тұрған. 
Сондай-ақ, Шәкәрім Құдайбердіұлы 20 жасында Шыңғыс елінде болыстыққа сайланған. Жас та болса, бас болып, билікті халық игілігіне пайдаланады. Ол қазақ даласында белең алған барымташылықты тыйды.
Орыс императорлық географиялық қоғамына мүше болғаннан кейін, көптен күткен Меккеге аттанды. Бір жылға созылған ұзақ сапарда Стамбулдың, Париждің кітапханаларында қазақ халқының тарихы туралы жинаған мәліметтері негізінде «Қазақ, қырғыз, түркі хандарының шежіресі» деген еңбегін жазды. 
Шәкәрімнің өзге бір қыры - сазгерлігі. Оның әндері қазақ халқының ән-күйін қағазға түсірген Затаевичтің еңбегіне енді.
Шәкәрімнің өмірі қиын жағдайда үзілді. Оны жазықсыз «халық жауы» атандырды. Қазіргі таңда Шәкәрімтану ғылымы жолға қойылған.

Бөлісу