Басты Жаңалықтар Достар, мультфильмдер тарихы жайлы біле жүріңдер

Достар, мультфильмдер тарихы жайлы біле жүріңдер

«Анимация» француз тілінен енген сөз.  Ол - тірілту, жан бітіру деген мағынаны білдіреді. Алғашында суретпен салынған мультипликация қолданылған. Оны 1877 жылдың 30 тамызында Эмиля Рейна ойлап тапқан. ХІХ ғасырдың соңында Стюарт Блэктон «Эдисонда» инженер болып жүріп, алғашқы мультфильмді жасап шыққан. Бұл туындыны 1906 жылы тек Франция тұрғындары ғана тамашалаған. Бәріміз сүйіп көретін «Том және Джерии» мультфильмі сонау 1940 жылы түсіріле бастаған. 1958 жылы Осаму Тэдзуки  суретті мультипликацияның стилін ойлап тапқан. Жапон анимациясын «аниме» деп атайды. Қазіргі таңда «компьютерлік анимация»  деген тіркес көптеп қолданылады. Онда  алдын ала дайындалып қойған графикалық файлдар  рет-ретімен  көрсетіледі.

Ал, Қазақстанда мультфильмдер 1967 жылдан бері түсіріліп келеді. Алғашқы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деп аталатын мультфильмді қазақ анимация өнерінің атасы Әмен Қайдаров шығарған. Кейіннен, «Ақсақ құлан», «Құйыршық», «Қожанасыр» сияқты мультфильмдер лек-легімен жарық көре бастаған.

Бүгінде елімізде жылына 15 мультипликациялық лента шығарылады екен.

Бөлісу