Халқымыздың ұлы перзенті Абай бабамыздың шөбересі Ишағы Жағыпарқызы да соғысқа қатысқанын білесің бе?
Жиырма жастағы Ишағы апаларың өзі сұранып, 1942 жылы 2 мамырда майданға аттанды. Ол Хабаровск қаласындағы авияция мектебінен авиатқыш мамандығын алып, соғысқа араласып кетеді. Ишағы Жағыпарқызы Қиыр-Шығыс майданында авиация технигі болып қызмет етеді. Шебер атқыш деген аттаққа да ие болады.
Ал, 1945 жылы Маньчжурия маңындағы Жапонияға қарсы ұрыстарға қатысып, көрсеткен ерлігі үшін алғыс алады. Ишағы апамыз соғыстан аман оралып, оқуға түседі. ІІ Дүниежүзілік соғысқа Абай бабаларыңнан тараған 9 адам қатысыпты, соның екеуі ғана аман қалған екен. Ишағы Жағыпарқызы соғыстан кейін де ұзақ жасап, 2014 жылы 92 жасында дүниеден озған екен
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02
«Balapan» телеарнасының ұжымы Президенттің алғыс хатына ие болды
25.06.2025, 09:34
«Тоқты мен Серке» толықметрлі анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады
16.06.2025, 10:22
«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады
15.04.2025, 15:25
«Balapan» арнасында жаңа мультхикая
03.02.2025, 09:00
🏆 «Balapan» телеарнасы – «Халықтың сүйіктісі – 2024» ұлттық марапатына ие болды
16.01.2025, 20:00