Әйгілі сәулетші Норман Фостер туралы не білесіңдер? (Видео)
Достым, «Прицкер» сыйлығының лауреаты, әлемге әйгілі сәулетші Норман Фостер туралы білесің бе?
Ол жаһандағы теңдесі жоқ сәулетші. Норман Фостер Астана қаласының архитектурасына үлкен үлес қосты. Оның елордамыздағы алғашқы жобасы «Бәйтерек» монументі, одан кейін Бейбітшілік және келісім сарайының ғимараты мен Тұңғыш президент кітапханасы. Балалар заманауи, архитектура саласында hi-tech королі атанған – Норман Фостер ақылды үйлер жаңалығын енгізгендердің бірі. Бұл дегеніңіз, сөзбен басқарылатын жедел сатылар, дауыспен қосылатын кір жуғыш машиналар, қолдың ырғағымен жанатын шамдар. Қазіргі ғимараттарды салуда кеңінен қолданылып жүрген шынылы айнаны да алғаш жобалап салдырған Норман Фостер. Айтпақшы, шатыр пішіндес әлемдегі ең үлкен ғимараттың бірі біздің Астанамыздың көркін асырып тұрған «Хан Шатыр» « ойын-сауық кешенінің авторы да Норман Фостер екен.