Әлем елдеріндегі ұлы Абай ескерткіштері
Достым, сен қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбай аталарыңа арналған ескерткіш әлемнің бірнеше елдерінде бар екенін білесің бе?
Ақын мүсіні 2014 жылы Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы Астана көшесінде бой көтерді. Ұлы ақынға арналған ескерткіш 2006 жылы Ресейдегі Қазақстан елшілігінің маңына қойылды. Чистопрудный бульварындағы Абай аталарыңның ескерткішін мүсінші Марат Айнеков, дизайнер Тимур Сүлейменов, суретші Эдуард Дробицкий, сәулетші Вячеслав Романенка бірлесіп жасаған. Ал, Қытай астанасы Бейжіңдегі Абай Құнанбайұлы ескерткішінің авторы Юань Сикун. Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеран қаласында да ақынға арналған ескерткіш бар. Ол ұлттық кітапхана аллеясына орнатылған. Сонымен қатар, қазақ ақынына Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында қойылған ескерткіш те өте еңселі. Оның биіктігі 9 метрден асады. Ескерткіштің ашылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының өзі қатысқан.