Колибри – ең кішкентай құс
Құстар – өте ерекше тіршілік иелері. Мысалы, колибри – әлемдегі ең кішкентай құс саналады. Оның көлемі бар болғаны 7 см-ді құраса, салмағы 2 грамм болады екен. Көзге елестетудің өзі қиын әрі қызық. Колибрилер тез ұшады, әрі ұшу бағытын үнемі өзгертіп отырады. Кейбір ұсақ түрлері қанаттарын секундына 80 рет қаға алады. Тұмсықтары жіңішке әрі ұзын, кей түрінде иіліп келген, гүл шырындарын соруға бейімделген. Олар гүл шырындарымен, ұсақ жұмсақ жәндіктермен, өрмекшілермен қоректенеді.Тағы бір ерекшелігі бар. Ол - артқа ұша алатын жалғыз құс. Сондай-ақ, ұяны жасайтын да балапан басатын да анасы екен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы31 желтоқсан күні «Қызық әлем» бағдарламасының мерекелік шығарылымы көрермен назарына ұсынылады
30.12.2025, 18:48
«Жаңа жылыңмен, Balapan!»
30.12.2025, 18:35
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02
«Balapan» телеарнасының ұжымы Президенттің алғыс хатына ие болды
25.06.2025, 09:34
«Тоқты мен Серке» толықметрлі анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады
16.06.2025, 10:22
«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады
15.04.2025, 15:25