Алғаш ғарышқа ұшқан автомобиль

Достар сендер білесіңдер ме?
Кеше АҚШ-та әлем бойынша ең қуатты зымыран «Falcon Heavy» ракетасы ғарышқа ұшты. Ол өзімен бірге Илон Масктың спорттық "Tesla Roadster" автокөлігін орбитаға алып кетті.
Илон Масктың сөзінше, ол өзінің көлігін орбитаға «жайдан-жай» жіберген. «Мұның еш себебі жоқ. Бұл қоғамның қызығушылығын тудыру үшін жасалған әрекет. Әдетте жаңа зымыранды сынақтан өткізу кезінде салмақ ретінде металл бөлшегі немесе бетон блоктары пайдаланылады. Бірақ, ол еш қызық емес. Сондықтан, біз, бұл сапарға автокөлік лайықты деп шештік»,-дейді ол. Сонымен қатар, ғарышқа жол тартқан «темір тұлпарға» үш бақылау камерасы орнатылған екен. «SpaceX» компаниясының басшысы Илон Макстың айтуы бойынша бұл автокөлік орбитада миллиондаған жылдарға қалуы әбден мүмкін.