Басты Жаңалықтар СУСЫЗ ӨМІР СҮРУ МҮМКІН ЕМЕС

СУСЫЗ ӨМІР СҮРУ МҮМКІН ЕМЕС

Адам ағзасының шамамен 65 пайызы судан тұрады. Ал, қарбыз құрамында 90 пайыздан астам су бар екен. Сол сияқты жануарларға, өсімдіктерге де су қажет. Осыдан-ақ судың әрбір тіршілік иесі үшін маңызы зор екенін байқауға болады. Алайда, су басқа да қасиетімен ерекшеленеді екен. Мәселен, судың молекуласы сутектің екі атомы мен оттегінің бір атомынан тұарды. Оның химиялық формуласы «H2O». Оның үстіне, су оп-оңай өзгеріске ұшырай алады.

Күнделікті өмірде судың үш күйін кездестіре аламыз. Сұйық су буланады. Яғни, сұйық күйден газ тәрізді күйге айналады. Егер суды 100 градусқа дейін қыздырса, ол қайнап, бу болады. Будан су қайтадан сұйықтыққа айнала алады. Ал, нөл градуста су қатып, мұзға айналады екен. Қызықты ақпаратты біле жүріңдер, достар!

Бөлісу