Қызылшадан қант алу тәсілі (Видео)
Қызылшадан қант алу тәсілі қалай жүзеге асатынын білесіңдер ме?
Қызылшадан қант алу ұзақ еңбектенуді қажет етеді. Алдымен бағбан өнімді жинап, қант зауытына алып келеді. Одан кейін көкөністер таңдалып, тексеріледі.
Содан соң, қызылшаны өлшеп, топтайды да, жуып-тазалау қондырғысына жібереді. Оны тастар мен құмдардан тазартып болған соң, қызылшаны жаңқалап турайды.
Осы жаңқалар +70 градус ыстық суға салынып қайнатылады. Осылайша, су жылы қант шәрбатына айналады. Оның құрамында 15 пайыз қант болады. Дайын шәрбатты қыздырып, булау үшін арнайы қондырғыға салып, құрамындағы су буланып, қоюланғанын күтеді. Нәтиежесінде қою шырынның құрамында шамамен 70 пайыз қант қалады. Арнайы қондырғыда шырыннан мөлдір қант қиыршықтары жасалады екен.
Қызықты ақпаратты біле жүріңдер