06 ақпан 2020 жыл

Республикалық «Жас журналистер 2019» байқауында «Balapan» арнасының жүргізушісі Ләйлім Рысқали бас жүлдеге ие болды

Республикалық «Жас журналистер 2019» байқауында «Balapan» арнасының жүргізушісі Ләйлім Рысқали бас жүлдеге ие болды

6 ақпан күні елордада республикалық «Жас журналистер 2019» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға байқаудың ұйымдастырушысы «Түркітілдес журналистер қорының» жетекшісі Назия Жоямергенқызы, «Balapan» арнасының директоры Мақпал Жұмабай қатысты.

Ләйлім Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа эстафета жолдап, бүкіл ел қолдаған челленджді бастап, көпшілікке танылған еді.

Іс-шара жоғары деңгейде өтті. «Balapan» арнасының директоры Мақпал Жұмабай еліміздегі балаларға арналған басты арнаның 10 жылдық мерейтойына байланысты өткізілетін іс-шаралармен таныстырды.

Марапаттау рәсімі «Kidburg» кәсіптер қалашығында өтті. Ол жерде «Balapan» арнасының студиясы орналасқан.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!