14 қараша 2019 жыл

Күйгенжар ауылындағы мектепте «Balapan» әлемі» шарасы өтті

Күйгенжар ауылындағы мектепте «Balapan» әлемі» шарасы өтті

Дәстүрге айналған «Balapan» әлемі» шарасы Нұр-Сұлтан қаласы, Күйгенжар ауылындағы №42 мектепте жалғасын тапты.

 

Телеарна қызметкерлері 13 қарашада қалалық №42 мектепте оқушылармен және олардың ата-аналарымен кездесу өткізді. Шарада арнаның бас режиссері Қарлығаш Жұрмаханқызы және басқа қызметкерлері «Balapan»-ның тележобалары мен анимациялары жайында кеңінен мағлұмат берді. Сонымен қатар, балалармен сұхбаттасып, көкейлерінде жүрген кастинг, арнаның болашақ жобалары, бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері турасындағы сұрақтарға жауап берді.

 

Шараға арнаның жүргізушілері де қатысып, думанды кездесуді қыздыра түсті. Атап айтқанда, «Кім тапқыр?» бағдарламасының жүргізушілері оқушылармен интерактив ойын ойнады. Ептілігімен, тапқырлығымен дараланған балалар дипломдармен, телеарнаның арнайы сыйлықтарымен марапатталды. Ал, «Жас ғалым» бағдарламасының жүргізушісі ғылымды қарапайым тәсілмен түсіндіру үшін бірқатар эксперменттер көрсетті.

 

Шара соңында арнаның бас продюсері Сандуғаш Баймаханқызы кездесуді жоғары деңгейде ұйымдастырған мектеп ұжымына және белсенді қатысқан балаларға алғысын білдіріп, телеарнаның Алғыс хатымен марапаттады.

Әлеуметтік желілерімізге қосыл!