Балаларды қорғау күніне арналған "balapan" арнасының мерекелік концерті өтті
Бүгін MEGA SilkWay сауда орталығында "balapan" арнасының ұйымдастыруымен 1 маусым Балаларды қорғау күніне арналған "balapan alemi" атты мерекелік концертіміз өтті. Шараға "Нұрсаулем -ай" би ансамблі, жетігеншілер, сазсырнайшылар, цирк әртістрі мен жас енерпаздар қатысты. Концертке келген балалар жүргізушілермен түрлі ойындар ойнап, күміс көмей әншілердің әнін тыңдап, мың бұралған бишілердің биін тамашалады. Сондай-ақ цирк әртістері де өз өнерлерін ортаға салды. Ал біздегі "Сезім қаласының" кейіпкерлері балақайлармен жақынырақ танысып, қызықты ойын ұйымдастырды. Ойынға қатысқан белсенді балалар арнамыздың арнайы сыйлығына ие болды
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыТеңгетай
13.11.2026, 10:56
«Balapan» арнасында жаңа ситком
29.10.2026, 09:59
«Balapan» арнасында жаңа ситком көрерменге жол тартады
13.10.2026, 10:34
«Қазақстан» РТРК» АҚ «Balapan» телеарнасы өндіруші компаниялар арасында тележобалар байқауын жариялайды
08.07.2026, 14:30
«Кел, балалар, оқылық!» жобасы
25.05.2026, 09:49
Ресми мәлімдеме
12.05.2026, 15:55