"balapan" арнасы "Jas Túrkіstan-2019" республикалық балалар шығармашылық марафонына қатысты

Облыстық Ішкі саясат басқармасы өткізген шара 16-17 мамырда Түркістан қаласында өтті. Өңірдің ең талантты, талапты балалары, мұғалімдер қауымының және осы салада қызмет етіп жүрген қаламгерлер, БАҚ басшылары, анимация мен аударма саласы өкілдерінің басын бір араға қосқан мазмұны бөлек шара болды.
Марафонның алғашқы күні бірнеше алқалы отырыстармен басталды. Жиынның ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев қатысып, облыстағы балалардың жай-күйімен таныстырды, жалпы марафон жұмысына сәттілік тіледі. Сол отырыста "balapan" арнасының бас продюсері Сандуғаш Баймаханқызы арнайы баяндама жасап, ұжымның алдағы жоспарларымен таныстырды. Түс қайта мектептерде оқушылармен кездесіп, емен-жарқын сұхбаттасты.
Бұдан бөлек, Келес ауданының орталығы Абай ауылында да ауқымды кездесулер ұйымдастырылды. Облыстың 6 ауданының балаларымен өткен кездесуде де арнамыздың жұмысымен кеңірек таныстырып, балалар мен ата-аналардың "balapan" каналына деген ерекше ықыласы мен ілтипатын көріп, разы болып қайтты. Оқушылар өздерін мазалайтын сұрақтар қойып, канал контентіне қатысты өз пікір-ұсыныстарымен бөлісті.
Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы бұл игі бастаманы жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.