Басты Жаңалықтар Түркістан облысында "JAS TÚRKІSTAN-2019" республикалық балалар шығармашылық марафоны өтіп жатыр

Түркістан облысында "JAS TÚRKІSTAN-2019" республикалық балалар шығармашылық марафоны өтіп жатыр

Түркістан облысында "JAS TÚRKІSTAN-2019" республикалық балалар шығармашылық марафоны өтіп жатыр

Бүгін Түркістан қаласында  "Jas Túrkіstan-2019" республикалық балалар шығармашылық марафонының алғашқы күні өтті.  Оған еліміздегі жетекші балалар мен жасөспірімдер басылымдарының бас редакторлары, балалар ақындары, жазушылары мен драмматургтері, анимация және аударма саласының өкілдері, журналистер, телеарна, сайт жетекшілері, білім саласының өкілдері және оқушылар қатысты.  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен жиынның ашылу салтанатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Отарбаев сөз сөйлеп, балаларды рухани бай етіп өсіру маңызды іс екенін айтты. Cонымен қатар «balapan» арнасының бас продюсері Сандуғаш Баймаханқызы арнаның жұмысымен таныстырып, келешек жоспарлар мен жобалар туралы  ақпаратпен бөлісті.  Сондай-ақ, Түркістан қаласының  №1 орта мектебінің оқушыларымен кезедесіп, сұхбаттасты.

 

Жиында Жүсіпбек Қорғасбек, балалар мен жасөспірімдер басылымдарының «Жас өркен» ЖШС бас директоры, жазушы, Сандуғаш Баймаханқызы, «balapan» телеарнасының бас продюсері, Нұриддин Пәттеев, «Сақ» киностудиясының директоры, Дүйсенбек Мағлұмов, «Балдырған» журналының бас редакторы, Халил Четин, ғылым докторы, Аягүл Мантай, әдебиеттанушы, жазушы, Есей Жеңісұлы, ұлттық аударма бюросы, аудармашы, ақын, Серікбол Хасан, ақын, «Айқын» газеті бас редактордың бірінші орынбасары, Алмагүл Оңаева, жазушы, Әлібек Байбол, жазушы, драматург, балалар қойылымдарының авторы, Жадыра Нармаханова, «Ұлан» газетінің бас редакторы, Бейсенкүл Нарымбетова, «Қызмет» газеті мен «Ақылдым» журналының директоры, Жарқынбек Төлтебаев, «Жебе» баспа үйінің директоры, «Қазығұрт» және «Жас ғалым» журналдарының жетекшісі, Батырхан Дәуренбеков, режиссер, «Оңтүстікфильм» мекемесінің директоры және өзге де азаматтар баланы дамытуға қатысты ой-пікірлерін айтты. Әріптестік орнату жөнінде келісімдер жасалды. 

 

Маңызды марафонның екінші күні Келес ауданының орталығы Абайда өтеді. Танымал қаламгерлер осындағы оқушылармен және ұстаздармен кездеседі.

Бөлісу