Басты Жаңалықтар Балалар «balapan alemi»-не саяхат жасады

Балалар «balapan alemi»-не саяхат жасады

Балалар «balapan alemi»-не саяхат жасады

Бүгін «balapan» телеарнасы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының қызметкерлерінің балаларына арнап «balapan alemi» атты қызықты әрі мағыналы экскурсия ұйымдастырды.
Өз ата-аналары жұмыс жасайтын жермен жақынырақ танысып, «balapan» арнасында түсірілетін бірнеше жобалардың студяларын көрді. Нақтырақ айтсақ «Кім тапқыр?» студиясында арнайы қонақ ретінде ойынға қатысып, жүргізушінің сұрақтарына жауап берді. Ал «Жас ғалым» студиясында жүргізушілер Ахмет пен Медеу ғылыми тәжірибе көрсетіп, балаларды таң қалдырды. Кішкентай қонақтарымыз сол экспериментке өздері де атсалысып, нәтижесіне куә болды. Сондай-ақ ата-аналарының ізін жалғар болашақ тележүргізуші ретінде де бақтарын сынады.

Бұл шара тек экскурсиямен ғана шектелмеді. Балалар арнамыздың танымал жас жүргізушілерімен танысып, бірге ән салып, ойын ойнап, би биледі. Ойынға белсенді қатысқан балақайлар арнаның арнайы сыйлығын алып, көтеріңкі көңіл-күй мен қуанышқа бөленді.
 

Бөлісу