«DISCOVERY» жобалары қазақша сөйлейді

2018 жылдан бастап Discovery Channel және «Қазақстан» РТРК» АҚ «balapan» телеарналары арасында ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізіле бастаған. Мақсат – әлемдік теленарықтағы ең сапалы контенттерді кішкентай көрермендердің назарына қазақ тілінде ұсыну. Осы бағытта бірнеше ай бойы қарқынды жұмыстар жүргізіліп, ынтымақтастық жоспары сәтті жүзеге асырылды.
Атап айтсақ, АҚШ-та жарыққа шығып, әлемнің бірқатар телеарналары арқылы миллиондаған көрерменге жол тартқан «Мұхит құпиялары» деректі фильмін енді «balapan» телеарнасынан қазақ тілінде тамашалауға мүмкіндік бар. Телеэкспедияция жер шарының жұмбақ мекендеріне саяхат жасап, су түбінде, мыңдаған метр тереңдікте өмір сүретін тіршілік иелерімен таныстырады. Экспедияция жетекшісі, әрі тележүргізуші – әлемге әйгілі саяхатшы Джефф Корвин. Бұл фильм тек танымдық жағынан ғана емес, шытырманға және қызық оқиғаларға толы болуымен ерекшеленеді.
Алдағы уақыта «DISCOVERY» -дің тағы бірнеше үздік тележобасын қазақ тіліне аудару жоспарланып отыр.