Басты Жаңалықтар «balapan» телеарнасы тұңғыш рет қазақтың төл анимациялық супер қаһармандарын көрермен назарына ұсынды

«balapan» телеарнасы тұңғыш рет қазақтың төл анимациялық супер қаһармандарын көрермен назарына ұсынды

«balapan» телеарнасы тұңғыш рет қазақтың төл анимациялық супер қаһармандарын көрермен назарына ұсынды

Өткен жұма Астанадағы «Сарыарқа» кинотеатрының залында  арнамыздың ұжымы бүгінен бастап balapanның эфирінен шығатын төл қаһармандарымызды кɵрерменге таныстырды. 

 


Салтанатты кешке мемлекет жəне қоғам қайраткерлерi бастаған зиялы қауым ɵкiлдерi мен журналистер, жоба продюсерлерi қатысты.

 


Iс-шара барысында «Aidar»,  «Ertemir», «Dala oiyndary» атты 3D форматтағы анимациялық жобалардың алғашқы бɵлiмдерi кɵрсетiлді.  

 

 

Әр қайсысының өз мақсатты аудиториясы бар. Мәселен, «Дала ойындарында» компьютерлер мен гаджеттерге байланған балдырғандарды далаға алып шығып шынықтыруды, шымыр болуды үйретеді. Осылайша жеткіншектер адам мен табиғаттың байланысы қаншалықты тығыз екенін түсінеді. Ал, «Ертемір»  мультфильмнің басты қаһарманы екінші сынып оқушысы болғанымен, ол еліне қауіп  төнгенде бес қаруы сай батырға айналып шыға келеді. Өзі қайсар, өзі мықты балақай солайша ерліктің небір ғажап үлгілерін көрсетеді.. Үшінші кейіпкеріміз Айдар болса, өз әлемінен басқа әлемге өтіп, мифтік мақұлықтармен айқасады, жауыздықпен күресіп, жақсылықтың жеңіп шығуы үшін барын салады. Ғаламды қара құрдымға тартып бара жатқан зұлымдық әміршісі Еркілікпен шайқасып, бабалар аманатын орындайды.   
 

Бөлісу