Әр жұма 11:50-де «balapan» арнасынан «+Шексіздік» бағдарламасын тамашалауды ұмытпаңыздар
«+Шексіздік» -орта және жоғары сынып оқушыларына арналған ақпараттық, ғылыми-танымдық, ағартушылық фильм. Жоба мектеп оқушыларының жаратылыстану пәндеріне, фундаментальды ғылымға, физика, химия, биологияға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жүзеге асқан. Бұл бағдарлама шалғай ауылдардағы мектеп шәкірттеріне теледидар мен интернет мүмкіндіктерін толыққанды пайдалану арқылы сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, олардың ғылым мен техникалық мамандақтарға сүйіспеншілігін оятуға көмектеседі.
Жобаның продюсері және жүргізушісі белгілі журналист Дархан Әбдік әр фильмінде бір ғылыми теорияны жатық тілмен, көрнекті анимацияны және тұрмыстық мысалдарды пайдалану арқылы балаларға түсінікті етіп жеткізеді.
Ғылымның адамға беретін шексіз мүмкіндіктерін «+» таңбасымен тиімді пайдалана білейк.