Шымкентте «Балауса жұлдыздар» республикалық байқауы өтуде
Шымкентте талантты балалар арасында «Балауса жұлдыздар» республикалық байқауы басталды. Екі күнге созылатын шара опера және балет театрында ұйымдастырылуда. Сайысқа республикамыздың барлық облысы, қала және аудандардан өнерлі бүлдіршін қатысуда.
Байқау ережесі бойынша қатысушылар эстрадалық вокал, хореография және аспапта ойнаудан өз өнерлерін көрсетуі керек. Өнер додасының қазылар алқасы құрамында Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова мен Жамбыл Нұрлыбай және тағы да басқа өнер майталмандары бар.
Жеңімпаздар бүгін белгілі болады. Жұлдызы жанған бүлдіршіндерге бағалы сыйлықтар мен демеушілер марапаты беріледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы31 желтоқсан күні «Қызық әлем» бағдарламасының мерекелік шығарылымы көрермен назарына ұсынылады
30.12.2025, 18:48
«Жаңа жылыңмен, Balapan!»
30.12.2025, 18:35
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02
«Balapan» телеарнасының ұжымы Президенттің алғыс хатына ие болды
25.06.2025, 09:34
«Тоқты мен Серке» толықметрлі анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады
16.06.2025, 10:22
«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады
15.04.2025, 15:25