Басты Жаңалықтар "balapan álemı" акциясы басталды

"balapan álemı" акциясы басталды

"balapan álemı" акциясы басталды

Өткен сенбі «balapan» арнасы Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылындағы №4 негізгі мектептің оқушыларымен кездесіп қайтты. "balapan álemı" акциясы аясында жүзеге асырылған бұл шараның мақсаты – алыс-жақын елді мекендерді аралап, көрермендермен жүзбе-жүз кездесу арқылы арна жұмысын насихаттау, мақсаты мен міндеттерін түсіндіру және балалармен мен ата-аналардың ұсыныс - тілектерін тыңдап, мектеппен шығармашылық байланыс орнату.
​Қажымұқан ауылында, аты айтып тұрғандай, алып күш иесі, әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ батыры Қажымұқан Мұңайтпасұлы дүниеге келген. Халық саны 6000-ға жуық. Ауылдағы №4 негізігі мектепте 400-дей оқушы білім алады. Олардың арасында түрлі аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық байқау жүлдегерлерінен бастап, әлем рекордын жаңартқан жас спортшы Әмір Махмет сынды чемпиондар да бар. Өздеріңіз білетіндей, қазіргі таңда Әмір Махмет – «balapan» арнасындағы «Күнделік» жобасының бас кейіпкерлерінің бірі. Ал бүгін ол іс-шараның тізгінін ұстап, кездесудің көңілді өтуіне атсалысты.
​Шараға қатысқан телеарна басшылығы мен кішкентай жүргізушілер мектеп ұжымына және оқушыларға ризашылығын білдірді. Балалар бар өнерлерін көрсетіп, тамаша сұхбат ұйымдастырды. Ұстаздар қауымы ой-пікірлерін ортаға салып, телеарна жобаларын оқу-әдістемелік құрал ретінде пайдалану туралы идея айтты. «balapan» арнасының директоры мұндай игі бастамаларға қашанда қолдау көрсетуге дайын екенін, алдағы уақытта байланысты нығайтуға күш салатынын жеткізді. Шараға жиналған қауым балалар арнасының жаңа жобалары туралы бейнеүзіктерді және суперқаһарман жайлы «Ертемір» анимациялық жобасының бірінші бөлімін тамашалды. Бұл кездесу екі жаққа да естен кетпес әсер сыйлады. Жоспар бойынша мұндай шара әлі бірнеше ауылдық және қалалық мектептерде ұйымдастырылады.

Бөлісу