«Балапан» телеарнасы көңілді демалыс сыйлайды (ВИДЕО)
Дос, «Балапанды» қос! Сүйікті арнаң көңілді демалыс сыйлайды.
Ерден ата мен Күнікейдің достары қызықты оқиғаларымен бөліседі. Сондай-ақ, «Ғажайып көрме» мен «Қазыналы ғаламшарға» бірге саяхат жасаймыз.
Микки Маус клубымен бірге тышқандар биін билейміз. «Ойлан, тап» бағдарламасымен жеңімпаздарды анықтасақ, Ернар ағай сендер қойған сан түрлі сұрақтарға жауап береді.
Дүйсенбі-жұма аралығында сағат 08:40-та «Микки Маус клубы» мультхикаясының екі бөлімі қатар көрсетіледі.
6 қараша күні сағат 21:15-те «Түлкі мен ит» мультфильмі көрермендер назарына ұсынылады.
7 қараша сағат 10:05-те Наурызбай батыр туралы «Батырлар» анимациялық мультхикаясы, 21:05-те «Қазыналы ғаламшар» мультфильмі ұсынылады. Сондай-ақ, осы сенбіден бастап 07:35-те «Биле, биле!» хабары қайта эфирге шығады.
8 қараша күні сағат 09:35-те Қабанбай батыр туралы «Батырлар» анимациялық мультхикаясының екінші бөлімін көрсетеміз. Ал, 14:20-да «Айгөлек» сазды жобасының спорт туралы шығарылымын ұсынамыз.
Сонымен қатар, түрлі әндерді үйрететін «Ән салайық!», жан-жануарлармен таныстыратын «Жануарлар әлемі», спортшылардың алаңы «Шытырман» хабарларын, «Балапан және оның достары» мультхикаясын, кітап әлеміне сапар шегетін «Сиқырлы кітаптар», «Әли мен Айяның» қызықтарын, татулық туралы «Достық даңғылы» мультхикаяларын өткізіп алма!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы31 желтоқсан күні «Қызық әлем» бағдарламасының мерекелік шығарылымы көрермен назарына ұсынылады
30.12.2025, 18:48
«Жаңа жылыңмен, Balapan!»
30.12.2025, 18:35
🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02
«Balapan» телеарнасының ұжымы Президенттің алғыс хатына ие болды
25.06.2025, 09:34
«Тоқты мен Серке» толықметрлі анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады
16.06.2025, 10:22
«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады
15.04.2025, 15:25