Басты Жаңалықтар Қазақ анимациясы Ресей көрермендеріне жол тартты

Қазақ анимациясы Ресей көрермендеріне жол тартты

Қазақ анимациясы Ресей көрермендеріне жол тартты

Самара қаласындағы қазақ диаспорасы өкілдері «balapan» телеарнасының жаңа жобаларымен танысты. 
Кездесу «Халықтар достығы» үйінде өтті. «Aqjai'yq» телеарнасының ұжымы ұйымдастырған жиында «balapan» телеарнасының жаңа анимациялық жобалары мен телебағдарламалары жөнінде кең мәлімет берілді. Сонымен қатар, «balapan» телеарнасын «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасы арқылы онлайн тамашалау мүмкіндігі таныстырылды. 
Кездесуде Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясының президенті Тоқтарбай Дусенбаев, Әзірбайжан ұлттық-мәдени автономиясының жетекшісі Шерван Керимов сөз алып, рухани-мәдени байланыстарды дамыту бойынша ой-пікірлерін ортаға салды. 
Айта кетсек, Самара облысында 20 мыңнан астам қазақ тұрады.

Бөлісу