Басты Жаңалықтар Бүгін "balapan" телеарнасының туған күні

Бүгін "balapan" телеарнасының туған күні

Бүгін "balapan" телеарнасының туған күні

Достар! Бүгін сүйікті арналарыңның туған күні!

Бүлдіршіндердің бойына ана тілінің қадір-қасиетін сіңіріп, ұлттық құндылықтарды насихаттауды міндеті санаған біздің арнаға биыл 8 жыл.

Арна 2010 жылдың 27 қыркүйегінде ашылған болатын. Осы уақыт ішінде балалардың айнымас серігіне айналды, біріншіден. Екіншіден, бүлдіршіндердің ой-өрісін дамытып, ұлттық тәрбие беретін сан түрлі танымдық бағдарламаларды дүниеге әкелді. Отандық мульттоптамаларды жасады.

Ендеше, достарым, алдағы уақытта да біз сендерге жаңа дүниелерді ұсынатын боламыз. Бізбен бірге бол!

Бөлісу