«Қазақстан» телерадиокорпорациясы күзгі телевизиялық маусымның таныстырылымын өткізді

Бүгін Астанада «Chaplin» кинотеатрында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының күзгі телевизиялық маусымының таныстырылымы өтті.
Шарада «Qazaqstan», «Qazsport» және «balapan» телеарналарының жетекшілері жаңа маусымдағы жобалармен таныстырып, болашақтағы жоспарларымен бөлісті.
Жаңа маусымда «balapan» арнасы кішкентай көрермендеріне көптеген анимациялық сериалдар, ғылыми-танымдық, сауықтық жобалар топтамасын дайындады. Биылғы жылы анимациялық фильмдер көлемі анағұрлым артты.
Телеарна өз көрермендеріне «Ертемір», «Айдар», «Дала ойындары», «Шахмат патшалығы», «Қоңыр қаз», «Еркелер», «Бабалар сөзі», «Дара тұлға», «Кел, шырқайық» сияқты 10 анимациялық сериал әзірледі. Сонымен қатар, телеарна контенті «Биле, балапан», «Дос болайық», «Әмиян», «Көке», «Сынық сынып» сияқты жаңа, қызықты жобалармен толықты.