Басты Жаңалықтар Ертең 17:05-те қаламгер Қажы Қорғанұлының кітапханасымен таныс болыңдар

Ертең 17:05-те қаламгер Қажы Қорғанұлының кітапханасымен таныс болыңдар

Қажы Қорғанұлы – Қазақ телевизиясының көрнекті ардагері, Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері,«Құрмет белгісі» орденінің иегері. Қазақ телевизиясында 40 жыл қызмет атқарған. Ұлттық телевизияның кезінде ең танымал, маңдайалды дикторларының бірі болған.

Оның «Бір хаттың ізімен» телеэкспедициясы, «Үш бәйтерек» телехикаяты, «Киіз үй», «Төрт түліктің төресі», т.б. көптеген бейнефильмдері Қазақ телевизиясының алтын қорында.

Қажы Қорғанұлы атамыз кітаптарын қайда сыйға тартты? Қаламгер үшін бірінші байлық қандай? Осы сұрақтарға жауап алғың келсе, «Қаламгер кітапханасының» алдағы шығарылымын көр. 30 тамыз. 17:05-те.

Бөлісу