Басты Жаңалықтар Бүгін 19:15- те кішкентай археологтар Түркістан облысының жұмбақ жерлерін ашады

Бүгін 19:15- те кішкентай археологтар Түркістан облысының жұмбақ жерлерін ашады

Өткен бағдарламада Жалғас пен Айнұр «balapan» арнасының көрермендерін Көне Тараз жерінің жұмбақ жерлерімен таныстырған болатын. 
Ал, келесі бағдарламада кішкентай археологтар Түркістан облысының жұмбақтарын ашып, Шойтөбедегі қазба жұмыстарынан бөлек сендерді «Арыстан баб» кесенесімен таныстыратын болады. 


Түркістан облысы «жұмбақжерліктерді» қалай қарсы алды ?
Шойтөбеден Жалғас пен Айнұр қандай жәдігерлер тапты ?
Темір іздегіш құрылғыны қалай пайдалану керек екен?
«Арыстан баб» кесенесінен шыққанда Айнұр неге жылағысы келді ?


Бұл сұрақтардың жауабы «Жұмбақ жер» бағдарламасында. 
Бүгін 19:15- те еліміздің жұмбақ жерлерін бізбен бірге ашыңдар.
«balapan» арнасы қосулы болсын!

Бөлісу