«balapan» арнасы «Қоңыр қаз» атты анимациялық жоба ұсынады
«balapan» арнасы жазғы маусымда көрермендер назарына «Қоңыр қаз» атты анимациялық жобасын ұсынады
Арна ұжымы жоба арқылы қазақ мультипликациясының атасы Әмен Қайдаровтың «Ақсақ құланымен» басталған анимациялық күй дәстүрін қайта жалғастырмақшы.
Соның аясында Құрманғазы, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір, Ықылас сияқты дәулескер күйшілеріміздің классикалық туындылары анимацияланған. Негізгі мақсат - Ұлы дала мұрасын ұрпақ санасына сіңіру.
Еліміздің белгілі мамандарының қатысуымен жүзеге асқан бұл туындының әр бөлімін мәдениеттанушы Зира Наурызбаева жазған. Қоюшы режиссері – Дильшат Рахматуллин.
Мульттоптаманы жуырда 2D жанрында «balapan» арнасынан тамашалай аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы🎊 27 қыркүйек «Balapan» телеарнасына 15 жыл толады 🎊
01.09.2025, 09:02
«Balapan» телеарнасының ұжымы Президенттің алғыс хатына ие болды
25.06.2025, 09:34
«Тоқты мен Серке» толықметрлі анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады
16.06.2025, 10:22
«Balapan» телеарнасының «Желаяқ» анимациялық фильмі прокатқа шығады
15.04.2025, 15:25
«Balapan» арнасында жаңа мультхикая
03.02.2025, 09:00
🏆 «Balapan» телеарнасы – «Халықтың сүйіктісі – 2024» ұлттық марапатына ие болды
16.01.2025, 20:00