Басты Жаңалықтар Жас аниматор Әлия Түгелбай Ресейде өтетін Халықаралық анимациялық байқауға жолдама алды

Жас аниматор Әлия Түгелбай Ресейде өтетін Халықаралық анимациялық байқауға жолдама алды

Шымкенттік жас аниматордың қолынан шыққан ерекше мультфильм көрерменге жол тарты. Әлия ең алғашқы мультфильмін 11 жасында жасап шығарған. «Ақбөкен» балаларға арналған анимациялық жобасы 4 минутқа созылады. Туындыға жас аниматор 6 ай уақытын сарп еткен. 


Мультхикая жасау үшін оқушы тек талант емес,  шыдамдылық та үлкен рөл атқарады деп отыр. Бүгінге дейін талай байқауда топ жарған шәкірт мультфильм әзірлеуде «Балалар мен жасөспірімдер» сарайындағы сабақтарға қатысып үйренген. 


Осы жолы Әлия ерекше мультфильм жасауды қолға алыпты. «Қорқақ Вася» деп аталатын туындының әрбір кейіпкерін аниматор өз қолымен ермексаздан жасап шыққан. Экологияны қорғау тақырыбына арналған туынды Ресейде өтетін Халықаралық анимациялық байқауға жолдама алып отыр.  


11 жасынан бастап қазақ анимациясының қоржынын толықтыруға атсалысып жүрген Әлия Түгелбаймен тікелей байланысқа шыққан болатынбыз. Сұхбатымыздың толық нұсқасын itube.kaztrk.kz сайтынан көре аласыңдар

Бөлісу