Жазғы маусымның ең ауқымды жобаларының бірі «Жұмбақ жер» реалити-шоуы жуырда көрерменге жол тартады
Өткен сенбі «balapan» ұжымы Астанадағы Ұлттық музейде «Жұмбақ жер» атты археологиялық реалити-шоудың таныстырылымын өткізіп, экспедиция мүшелерін шытырман оқиғаға толы, бір айлық сапарға аттандырған болатын.
Жүргізушілер Қазақстанның барлық облысын аралап, жолсыз жерлермен жүріп, қазба жұмыстарына қатысып, жәдігерлерді қолмен ұстап, күннің ыстығына, жаңбыр-желіне қарамай, сайын даламызды кезіп, тарихи кешендердің жұмбағын ашатын болады.
Жол бастаушы - археолог Айбар Қасеналинмен бірге, кастинг арқылы таңдалған екі кішкентай жүргізуші Айнұр Нұрәлі және Жалғас Тұяқбай еліміздің тариxи өңірлеріне саяxат жасап, бірге қазба жұмыстарына қатысады.
Реалити-шоу форматындағы арxеологиялық телеэкспедиця Қазақстан аумағындағы 70 тариxи кешенді қамтиды. Экспедиция мүшелері жол талғамайтын көліктермен 10 мың шақырым жол жүріп, 31 күн бойы ашық аспан астында өмір сүріп, жәдігерлердің құпиясын ғалымдармен бірге ашып, кешендердің 3D моделін жасайды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын, оның ішінде «Киелі Қазақстан» жобасын жас балаларға тарихи экспедиция арқылы танытуды көздейтін бұл бағдарламаны алғаш рет биыл жазғы маусымда ұсынамыз. Бұл - балалардың, әсіресе, ауылдан ұзап кетпейтін кішкентай көрермендеріміздің жазғы демалысын сапалы, тиімді ұйымдастыру мақсатында қабылданған шешім.
Ендеше, экспедицияны бізбен бірге, көгілдір экран арқылы жүріп өтуге шақырамыз!