Басты Жаңалықтар «Менің Қазақстаным» байқауына 500-ден астам жұмыс ұсынылды

«Менің Қазақстаным» байқауына 500-ден астам жұмыс ұсынылды

«Менің Қазақстаным» байқауына 500-ден астам жұмыс ұсынылды

«balapan» телеарнасы Халықаралық  балаларды қорғау күні қарсаңында елорданың 20 жылдығына орай «Менің Қазақстаным» байқауын жариялаған еді.  Басты мақсатымыз – шалғайдағы балақайлардың да өзін танытуына мүмкіндік беру, көрермендердің белсенділігін ояту, арадағы байланысты нығайту. 

 

Байқауға WhatsApp арқылы жалпы саны 506 видео келіп түсті. Көбі бір-біріне ұқсайды, бөліп-жару өте қиын.  Дегенмен, жіберілген жұмыстың мазмұн-мағынасына, баланың сөйлеуіне және еңбектенуіне қарап, барлық өңірдің қамтылуын ескеріп алдын-ала іріктедік. 

 

«balapan» арнасының шығармашылық ұжымы әрбір жұмысты бірнеше күн қатарынан сұрыптап, 32 видеоны таңдап алды. Байқау нәтижесін арна ұжымы тікелей анықтауына да болар еді. Десе де, «balapan» байқау талаптарының ашықтығын көрсету мақсатында, әрі жеңімпаздардың әділ таңдалуы үшін Тәуелсіз сарапшы топ құруды жөн көрді. Ол топ құрамында қоғам қайраткерлері мен белсенділері, тиісті министрлік қызметкерлері мен бизнес қауымдастық өкілдері болды. Атап айтқанда,  М.Жұмабай – «balapan» телеарнасының директоры; А.Ешмағамбетова – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз хатшысы; М.Тайкенова – ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі; Ж.Байжолдинова – көпбалалы ана, қоғам белсендісі; Д.Сүндетбаев - «Жас Отан»  жастар қанатының төрағасы; Қ.Құдайберген – «Q3» Worlwide» компаниясының төрағасы, кәсіпкер.

 


Аталған байқау комиссиясы 16 жеңімпазды анықтап берді. Олардың есімдері күні кеше www.balapantv.kz сайтына, сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымызда жарияланды. Байқауға немқұрайлы қарамай, белсенді түрде атсалысқан барлық кішкентай достарымызға шынайы алғыс білдіреміз. Бұл «balapan» ұйымдастырған алғашқы да, соңғы байқау емес. Ендеше, біздің арнаны үнемі қарап, жаңалықтарымызды оқи жүріңіздер.

 

Айта кетерлігі, байқауға қатысқан барлық қатысушыларға арна тарапынан «Алғыс хат» табысталады. Ал жеңімпаздарға жеке хабарласып, келесі кезең туралы қосымша ақпарат береміз

Бөлісу