Басты Жаңалықтар 12 сәуір – Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні

12 сәуір – Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні

12 сәуір – Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні

Бұл күн  Халықаралық авиация федерациясының шешімімен 1968 жылдың қарашасында бекітілді. 1961 жылдың 12 сәуірі күні адамзаттың ғарышқа алғашқы сапары жасалды. «Восток» кемесімен тұңғыш ғарышкер Юрий Алексеевич Гагарин ұшқан болатын.

«Байқоңыр» космосқа алдымен кеңестік, кейіннен ресейлік және шетелдік ғарышкерлер аттанған басты ғарыш айлағы саналды.

 

Бұл мерекенің Қазақстан үшін де ерекше маңызы бар. Себебі, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкерлеріміз Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов ағаларымыздың есімдерін мақтанышпен айта  аламыз. Қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Гиннес рекордтар кітабына енді: оған дейін бір ұшырылым барысында ашық космоста бір тәуліктен астам уақыт ешкім болып көрмеген.

Бөлісу