Басты Жаңалықтар Бүгін – Амал мерекесі

Бүгін – Амал мерекесі

Бүгін – Амал мерекесі

Амал мерекесі немесе Көрісу күні деп аталатын бұл күн Қазақстанның батыс өңірі мен Ресейдің шекаралас аймақтарындағы қазақтардың арасында сақталған ежелгі дәстүр. Осы күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғүмырың ұзақ болғай!», деп тілек айтады. 


Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін шеке асына шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді. 

 

Көрісу - тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс.

Бөлісу