Басты Жаңалықтар «balapan» телеарнасы 13-наурызда жаңа маусым бойынша таныстырылым өткізеді

«balapan» телеарнасы 13-наурызда жаңа маусым бойынша таныстырылым өткізеді

«balapan» телеарнасы 13-наурызда жаңа маусым бойынша таныстырылым өткізеді

2018 жылдың 13-наурызында «Қазмедиа орталығында» «Қазақстан»  РТРК»  АҚ «balapan»   телеарнасының жаңа маусымының таныстырылымы өтеді. Шара сағат 14:00-де 21-қабаттағы конференция залында өтеді.
   

 

«balapan»  арнасы 15 наурыздан бастап  көрермен назарына 8  жаңа жоба ұсынады. Атап айтқанда, көктемгі маусымда телеарна контенті ғылыми-танымдық, ақпараттық, отбасылық  бағдарламалармен  және  тікелей эфирдегі ток-шоу секілді ішкі өнімдермен толықпақ.

 

Сонымен қатар, «balapan»  тарихында тұңғыш рет ата-аналарға арналған бағдарламаның тұсауы кесіледі. 

 

Таныстырылымға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, журналистер мен олардың балалары – арнамыздың көрермендері қатысады.

Бөлісу