«Патриотизм – рухани жаңғырудың берік іргетасы» атты II республикалық жас патриоттар форумы өтуде

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы «Патриотизм – рухани жаңғырудың берік іргетасы» тақырыбында II Республикалық жас патриоттар форумын өткізіп жатыр.
Форумға ҚР БҒМ өкілдері, Академия мүшелері – қазақстандық жас патриоттар, бейбіт күннің батырлары атанған мектеп оқушылары, патриоттық тәрбие бойынша «Мен – өз елімнің азаматымын!» атты республикалық байқаудың жеңімпаздары, ҚР Парламентінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, делегация жетекшілері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аймақтардағы менеджерлері қатысуда
Соңғы екі жыл ішінде "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығында мектеп оқушыларына тиімді патриоттық тәрбие беруде қазақстандық жас патриоттар Академиясының жұмысын ұйымдастыруда мақсатты бағытталған жұмыстар атқарылуда. Осы уақыт аралығында 1442 оқушы академияның мүшелігіне қабылданды. Бірнеше бағдарламалардан тұратын республикалық патриоттар форумы 2018 жылдың 21-23 ақпан күндері "Балдәурен" РОСО өтеді.