Басты Жаңалықтар Биыл Қазақ телевизиясына  60 жыл

Биыл Қазақ телевизиясына  60 жыл

Биыл Қазақ телевизиясына  60 жыл

Достар, сендер білесіңдер ме,  биыл Қазақ телевизиясына  60 жыл толғалы отыр. Жалпы, телевизия тарихы қалай басталды, алғашқы хабар қай күні шықты, соған толығырақ тоқтала кетейік. 
1958 жылы 8 наурызда Алматы телестудиясы тұңғыш хабар таратқан. Ол кезде көрермен де көп болмаған еді. Тіпті теледидар саны 100-ге де жетпеген екен. Тұсауы Алматыда кесілген арна елдің түкпір-түкпіріне жетіп, алғаш рет халыққа ағартушылық-танымдық хабарлар ұсынған. Ал, 70-жылдары  телебайқаулар дүниеге келіп, 80-жылдары ток-шоулармен толыққан.  Сондай-ақ, біртіндеп облыстық телестудиялар да өз жұмыстарын бастап, жергілікті халықты сапалы ақпаратпен қамтамасыз еткен. Ұлттық арнамыз 2011 жылдың қыркүйек айынан бері 100 пайыз қазақ тілінде хабар тарата бастады.

Бүгінде заман талабына сай техникалармен жабдықталған төл арнамыз 2012 жылы «Қазмедиа»  орталығына көшті. Алматы мен Астана қалаларындағы студиядан  түрлі жастағы көрерменге арналған жаңалықтар мен түрлі жанрдағы бағдарламалар, мемлекеттік тілді дамытуға негізделген 40-тан астам жобалар көрерменге жол тартып отырады. Еліміздегі ең ірі медиақұрылымның қарамағында 3 республикалық, 14 аймақтық арна, 4 радио және 27  интернет сайт кіреді. HD форматқа толықтай көшкен телеарнаны әлемнің әр түкпірінен онлайн көруге болады. Тамыры терең жайылған  Ұлттық арна 60 жылда осындай кезеңдерді бастан өткерді.

Бөлісу